Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал елдің орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал. Сонымен қатар солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +22…+24°C, желдің жылдамдығы 7–12 м/с.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Ауа температурасы күндіз +28…+30°C, түнде +16…+18°C. Желдің күші – 3–8 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +35…+37°C, түнде +20…+22°C. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-ке дейін.