Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидрометтің" мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ пен екпінді жел соғуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғады.
Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Бірақ күн қатты ысиды.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Температура +24…+26°C, жел 9–14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, +28…+30°C, жел 3–8 м/с.
Шымкентте күн ашық, ыстық, +36…+38°C. Жел күндіз 15–20 м/с, түнде 8–13 м/с.
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.