Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ Украинаға әскери көмектің жаңа траншын бөледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz Deutsche Welle-ке сілтеме жасап.
АҚШ Украинаға кезекті әскери көмек траншын бөлетінін мәлімдеді.
- Пентагон бүгін Украинаға қосымша көмек көрсетілетінін жариялады. Бұл 2021 жылдың тамыз айынан бері АҚШ Қорғаныс министрлігінің қоймаларынан Украинаға беріліп жатқан әскери көмектің 69-траншы, - делінген 1 қараша, жұма күні АҚШ қорғаныс ведомствосының хабарламасында.
Мәлімдемеде транш көлемі 425 миллион долларға бағаланатыны айтылған.
- Бұл Украинаға зәру болып отырған қаруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, әуе қорғаныс зымырандары, артиллериялық снарядтар, бронды машиналар және танкке қарсы қарулар туралы сөз болып отыр, - деп атап өтті Пентагон.
Мәлімдемеде жаңа сатып алулар туралы емес, АҚШ-тағы қоймаларда сақтаулы қару-жарақтарды беру туралы айтылған.
Жаңа көмек пакетіне NASAMS зениттік-зымыран кешендеріне арналған зымырандар, Stinger портативті зениттік-зымыран кешеніне арналған зымырандар, HIMARS зымыран жүйелеріне арналған снарядтар, AT-4 танкке қарсы гранатометтер, Javelin танкке қарсы зымыран кешендері (ПТРК) және TOW ПТРК зымырандары кіреді. Сондай-ақ, АҚШ Киевке Stryker бронемашиналарын, 155 және 105 миллиметрлік артиллериялық снарядтарды, “әуе-жер” санатындағы оқ-дәрілерді және дрондарға қарсы қару-жарақты жібереді.
Қыркүйек айында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға 700 миллион доллардан астам қолдау бөлінетінін хабарлаған болатын. Вашингтонның қаржылай көмегіне энергетикалық саладағы 325 миллион доллар және гуманитарлық көмекке 290 миллион доллар кіреді деп түсіндірді ол. Киевке жер үсті миналарын және оқ-дәрілерді зарарсыздандыруға 102 миллион доллар бөлінетіні де хабарланған.