Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 10 жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматы ұсталды.
«Бөгет» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады елорда полиция департаменті.
«Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ.Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.