Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы уақытта елдің көп бөлігінде ауа райы күрт нашарлады. Аязға байланысты бірқатар өңірде мектептер қашықтан оқып жатыр, тасжолдар жабылды. Қазгидромет қазақстандықтарға дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазгидромет болжамына сүйенсек, 24 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында -31 градустық қатты аяз күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.
24 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
24 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз күтіледі.
24-25 қаңтарда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.
24 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 қаңтарда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
24 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
24 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
24 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
24 қаңтарда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
24 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
24 қаңтарда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіеді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
24 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
24 қаңтарда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.