Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әйелдер экипажы Кэти Перримен бірге ғарышқа сапар шекті
Жаңалықтар

Әйелдер экипажы Кэти Перримен бірге ғарышқа сапар шекті

15.04.2025
1 мин
0
256
Сурет: Blue Origin

Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin компаниясының New Shepard зымыраны Техастағы ғарыш айлағынан ұшырылып, алты әйел ғарышқа жол тартты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Экспедиция құрамында Безостың қалыңдығы Лорен Санчес, CBS арнасының жүргізушісі Гейл Кинг, NASA-ның бұрынғы зымыран инженері Айша Бо, азаматтық құқық қорғаушы Аманда Нгуен, продюсер Керриан Флинн және танымал әнші Кэти Перри болды.

New Shepard кемесі таңғы 8:30-да көкке көтеріліп, Жерден шамамен 100 шақырым биіктікте орналасқан Карман шекарасына жетті. Автоматтандырылған ғарыш кемесі осы межеге дейін тігінен көтеріліп, содан кейін капсула зымыраннан бөлініп шығып, парашют және тежегіш жүйелерінің көмегімен сәтті жерге қонды. Барлығы 11 минутқа созылған бұл сапар туристік мақсатта ұйымдастырылды.

Бүгінге дейін бұл бағдарлама аясында 52 адам ғарышты бағындырды. Алайда компания New Shepard-тағы бір орын құнын әлі жария еткен жоқ. Ұшу кезінде Кэти Перри Луи Армстронгтың “What a Wonderful World” әнін орындаған. Сондай-ақ, ол өзімен бірге түймедақ гүлін ала барған – әншінің қызының есімі Дейзи, яғни түймедақ дегенді білдіреді.

Жерге оралған кезде Кэти Перри мен Гейл Кинг тізерлеп, жерді сүйді. Айша Бо капсула ішіндегі қуатты сезініп, ғарышқа жеткен сәтте әйелдердің бір-біріне қарап, ерекше әсерге бөленгенін айтты. Сонымен қатар, Айша Бо Багам аралдарынан ғарышқа ұшқан алғашқы әйел ретінде тарихта қалды.

Алдағы уақытта Blue Origin Илон Масктың SpaceX компаниясымен тікелей бәсекеге түсіп, ғарыш туризмін дамытуға ниетті. Сарапшылар бұл саланың негізгі тартысы Маск пен Безос арасында өтетінін алға тартады. Айта кетейік, SpaceX-тің Falcon 9 зымырандары 469 мәрте ұшырылса, Blue Origin әзірге New Shepard аппаратын 31 рет қана сәтті ұшырған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл