Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БҚО тұрғыны анасының өлімі үшін ауруханадан 2 млн теңге өндіріп алды
Жаңалықтар

БҚО тұрғыны анасының өлімі үшін ауруханадан 2 млн теңге өндіріп алды

14.10.2024
1 мин
0
383
Сурет: https://dauletten.kz/

Орал тұрғыны анасының өлімі үшін ауруханадан моральдық залал ретінде 2 млн теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР Жоғарғы соты мәлімдегендей, 2019 жылы жедел жәрдем бригадасы дене қызуы көтерілген 76 жастағы әйелді Орал қалалық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер созылмалы бронхит пен пневмония деген диагноз қойып, терапия бөліміне жатқызған. Ем нәтиже бермей, науқастың жағдайы ауырлаған.  Компьютерлік томография плеврит деген күдікті көрсеткен.  4 аптадан кейін науқастың жағдайы нашарлауына байланысты облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Содан оралдық азамат, қайтыс болған әйелдің ұлы денсаулық сақтау басқармасына дәрігерлердің салғырттығы мен тиісті ем қабылдамағаны туралы шағыммен жүгінген, тексеру барысында аурухана тарапынан заң бұзушылықтар анықталған. Тексеру материалдары Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне жолданып, қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты бірнеше рет тоқтатылып, прокуратура күшін жойған.

Денсаулық сақтау басқармасы қалалық аурухананың қарсылығын қабылдамағандықтан, марқұмның ұлы ауруханадан моральдық шығынды өтеу туралы Орал қаласының No2 сотына шағым түсірген. Ол ананың өліміне сапасыз медициналық көмек пен қалалық аурухана дәрігерлерінің әрекетсіздігі себеп болғанын атап өткен.

- Талап қоюшының анасы емделіп жатқан аурухананың терапия бөлімінде жалпы практикалық дәрігердің куәлігі бар маман жұмыс істегені, оған құқығы жоқ екені туралы факт анықталды. Сарапшы науқасқа оның жасы мен онда бар созылмалы аурулары, соның ішінде, бүйректің жедел зақымдануын тудырған антибиотиктер ескерілмей, дәрі-дәрмек тағайындалғанын анықтады. Тиісті бактерияға қарсы препараттар мен гемодиализді енгізу науқастың өмірін ұзартуы мүмкін еді. Сот медициналық құжаттарды, сарапшылық қорытындыларды және тексеру актісін ескере отырып, дер кезінде қайталама сынақтар өткізбеу, науқастың жағдайын дұрыс бағаламау, емдеуді кеш түзету, нефрологтың кеңесінің уақытында болмауы мен консилиумның кеш жүргізілуі аурудың нәтижесіне әсер еткенін және өлімге әкеліп соққанын анықтады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде талап қою ішінара қанағаттандырылды: талап қоюшының пайдасына ауруханадан 2 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ, - деп мәлімдеді ҚР Жоғарғы соты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл