Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов Түркістан қаласының әкімдігіне қатысты бірнеше мәселені көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, Түркістанға қатысты қабылданатын заң жобаларында кейбір терминдер мен ұғымдар түсініксіз болған.
Заңның ішінде мен түсінбейтін көп нәрселер бар. Біріншісі Түркістан қаласының елтаңбасы болады дейді. Менің түсінігімде Қазақстанда бір ғана Елтаңба бар. Әлде Түркістан басқа мемлекет болып бөлінейін деп жатыр ма? Осы жерін анықтап берсеңіз. Содан кейін сіздердің заңдарыңыздар бір керемет сөз бар екен. Мен бұрын соңды естімеген. Түркістан қаласының археология ескерткіштеріне резерватына енгізілген ескерткіштерге қатысты қорғау саясаты тұрақты инспекция болған, сосын "озыңқы күтімге" деген недеген сөз? - деді ол.
Сонымен қатар Ринат Зайытовтың екінші сұрағы — "киелілік" ұғымына қатысты болды. Ол Түркістанның тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын "киелілік" деген сөздің мәні туралы сұрады.
Екінші бапта мынадай сөз бар. "Тарихи мәдени обектілердің киелілігін сақтау". Недеген сөз ол. Осыны түсіндіріп берсеңіз? Қалай сақтаймыз киелілік?, – деді ол.
Ол Түркістанның киелі жер екеніне келісетінін, бірақ оның қасиеттілігі үкімет тарапынан емес, тек Құдайдан келгенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол киелілікті сақтау мәселесінің тек адамдардың қолынан келмейтінін атап өтті.
Нұрлан Байбазаров онда елтаңба емес, қала эмблемасы (нышаны) туралы айтылғанын, оның заңда қолданылған синоним екенін түсіндірді. Ал "киелілік" ұғымы заң жобасының ерекшелігін атап өту үшін қолданылғанын, Түркістанның рухани өмірдегі орнының ерекше екенін ескергенін айтты.
Түркістан — киелі жер, оны сақтау — біздің басты міндетіміз деп сөзін қорытындылады Нұрлан Байбазаров.