Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екі мегополисте алдағы екі күнде ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар

Екі мегополисте алдағы екі күнде ауа райы қандай болады?

17.12.2024
мин
0
596
Сурет: ғаламтордан

17 желтоқсанда Алматы қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал, — делінген хабарлайды Dauletten.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

17 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кейде тұман. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 14-16 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

18 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

19 желтоқсанда көшпел бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 7-9 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Ал елордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

18 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстіктен екпіні 9-14 м/с жел соғады. Түнде температура 10-12 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз. Ал 19 желтоқсанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде температура 6-8 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл