Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда бір депутатты бір жыл асырау үшін 92 млн теңге жұмсалатынын "ҚазТрансГаз" басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Санжар Боқаев айтты.
Ол өзінің Facebook парақшасындағы жазбада елде дағдарыс болса да, депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлерге жұмсалатын шығынның азаймайтындығын атап өтті.
«Қазақстанда бір депутатқа бір жылда жұмсалатын сома – 92 млн теңге. Егер парламент депутаттары S-класты мерседестен бас тартса, жыл сайын 1 млрд теңгеден астам ақшаны үнемдеуге болады. Олар өздерінің жеке көліктерімен жүрсін.
Мен Вашингтон мен Нью-Йорктің метросынан Ақ үй мен Конгресте жүретін біздің депутаттардан да маңызды адамдарды көргенмін. Мәжіліс пен Сенаттағы саны көп қызметкерлер мен көмекшілерден бас тартып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағытын да жақсартуға болады.
Олардың барлығы депутаттардың толыққанды жұмысы үшін құрылған. Депутаттар халық үшін толыққанды жұмыс атқарып жатыр ма, жоқ па, оны азаматтар айтсын», - деді Боқаев.
Тағы көру