Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 2025 жылғы 6 тамыз күні Алматы қаласында өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы "Қарулы Күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматыдағы филиалы мәлімдеді.
Қоштасу шарасы сағат 09:00-де Офицерлер үйінде (Зенков көшесі, 24-үй) басталады. Осыдан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг өтеді.
Талғат Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.
Айта кетейік, әйгілі ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 2025 жылғы 4 тамызда, 74 жасында өмірден өтті.