Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботаревтің пікірінше, Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің ушығуы Орталық Азия мемлекеттеріне елеулі қатер әкелуі ықтимал. Ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) бұл жағдайға бейжай қарамай, белгілі бір реакция танытады деп есептейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Чеботарев атап өткендей, Израильдің әскери іс-қимыл аясында Иранға қарсы тағы бір майдан ашуы – Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия аймақтарында тұрақсыздық қаупін күшейтеді. Мұндай тәуекел белгілері 2023 жылдың қазан айында-ақ байқала бастаған: ол кезде Израиль бір мезгілде ХАМАС және "Хезболла" топтарымен соғыс жүргізіп жатқан.
Сарапшы өткен жылғы Израиль мен Иран арасындағы авиация мен зымыран арқылы жасалған өзара шабуылдарды бүгінгі қарулы қақтығыстың алғышарты, "дайындық кезеңі" ретінде қарастырады. Қазіргі таңда Иран қандай жауап қайтарады және оның салдары қандай болады – болжау қиын. Бұл ретте АҚШ-тың Израильді ашық қолдауы жағдайды одан әрі күрделендіруі мүмкін.
Чеботаревтің айтуынша, Орталық Азия үшін бұл мәселе алдағы уақытта Қытаймен өтетін саммитте, сондай-ақ ҰҚШҰ мен ШЫҰ алаңдарында басты тақырыптардың біріне айналады.
13 маусымға қараған түні Израиль Иранның бірнеше стратегиялық нысандарына соққы жасады. Әскери операцияның негізгі мақсаты – Иранның ядролық инфрақұрылымын жою. Израиль әскери-әуе күштері Натанз бен Фордодағы уран байыту зауыттарын, Керманшах пен Хорремабадтағы зымыран базаларын, сондай-ақ Тегеран, Исфахан, Тебриз секілді ірі қалалардағы нысандарды көздеген.