Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әр күннің өзіндік тарихы және мәні бар. 13 қараша – Дүниежүзілік мейірімділік күні. XXI ғасырда озық технологияның дамыған кезінде адамның сезімі мен моральдық қасиеті екінші орынға ығысып барады. Кейде адамдар арасында мейірімділік аз екенін байқаймыз. Сондықтан бүгінгі мереке – мейірімділік сияқты адами қарым-қатынастың қаншалықты құнды екенін және адамға жақсылық жасау қиын емес екенін еске салатын күн.
Көптеген елде бұл күнді мерекелеу дәстүрге айналды. Атаулы күннің қалай пайда болғанына аз-кем тоқтала кетсек. Кәсіпкер Дэвид Джамилли «жақсылықты дәріптеу және қолдау» үшін құрды. 1990 жылдың ортасында аз мейірімділік қозғалысы ретінде ол әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды өз елінде бастаған мейірімділік қозғалысы туралы әңгімесімен бөлісуге шақыру үшін конференция өткізді. Конференция сәтті өтіп, өзге мемлекетте жалғасын тапты. 1998 жылы Жапонияда Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысының 1-ші конференциясының ашылу күні болды. Бұл іс-шараға Австралия, Канада, Жапония, Таиланд, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің өкілдері қатысты. Жапония әртүрлі елдің мейірімділік қауымдастығын біріктіріп, Дүниежүзілік жақсылық қозғалысының қажеттілігін атап өтті. Бұл конференция Дүниежүзілік жақсылық қозғалысын нығайтты.
Ақырында, 1998 жылы Дүниежүзілік жақсылық күні, Дүниежүзілік жақсылық қозғалысы басқаратын елдердің үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы (ҮЕҰ) құрылды.
2000 жылдың қараша-қазанында Дүниежүзілік жақсылық қозғалысы Сингапурда іске қосылды. Осылайша, әлемнің бірнеше елі 13 қарашада Дүниежүзілік мейірімділік күнін тойлай бастады.
Бұл мағыналы күн адамды жақсылық жасауға шабыттандырады және осы игі іс арқылы әлемде мейірімділік орнайды. Адам жасаған мейірімділік толқында өседі және бұл толқын бүкіл жер шарына өз әсерін тигізеді.
Дүниежүзіндегі миллиондаған балалар аймақтық және жаһандық соғыстан, табиғи апаттан, жазатайым оқиғадан және эпидемиядан жетім қалады. Халықаралық мәліметтерге сәйкес, күн сайын 10 мыңға жуық бала отбасын жоғалтады. Бүкіл әлемде қорғансыз қалған жетімдер қаншама. Бұл мақсатта оларға қамқорлық көрсететін ұйым мен қор бүкіл әлемде бар.
Қайырымдылықпен әр қазақ айналысу керек
Игі істер мен іс-әрекеттің нәтижесі орасан зор. Елімізде де қайырымды жүрек иелері көп.
Бүгінде «Dauletten қайырымдылық қоры» арқылы 54 отбасы баспаналы болды және 100 білімді жасқа шәкіртақы берілді. «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ блогер, қоғам белсендісі, экономист Дәулет Төлеутайұлының бастамасымен құрылып, 2020 жылы 14 мамыр күні ресми түрде Әділет министрлігінде тіркелді.
Қор жұмысының басты мақсаты – әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді жастарға қолдау көрсету.
«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры Жасұлан Бостандықұлының айтуынша, қордың ерекшелігі тек қана бір бағытта жұмыс жасамайды.
«Білімді жастарды қолдау мақсатында әлеуметтік осал топқа жататын студенттердің оқуы ақысын төлеу, әр айдың бір жұмасында еміне шипа іздеген жандардың реквизиты мен фотосын қою арқылы ақша жинауға үлес қосамыз. Бұдан бөлек, әртүрлі іс-шарамыз бар. «Бала-шағамен ауылға», «Бала-шағамен Солтүстікке» сияқты белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуге арналған бірқатар жобамыз жүзеге асып келеді. Жақында білімді жастар үшін «Зейінді мың бала» деген қайырымдылық жобасын атқардық. Мың балаға оқу-құралын алуға ақша бөліп, жалпы 30 миллион көлемінде қайырымдылық жасалды», – дейді қор директоры.
Бүгінде қор нақты мақсат негізінде жұмыс жасауда. Бұл жұмыстың барлығы осы мақсаттың жүзеге асқанның бір көрінісі.
«Қайырымды жандардың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Елімізде қолұшын беретін жандар көп болса, біздің жасайтын жұмысымыз, алар асуымыз әлі алда. Бізде барлығы заң негізінде әрекет етеді. Бізге жүгінетін әр мұқтаж жан алдымен өтінім береді. Менеджерлер құжатын жинап, қамқоршы кеңес ол адамға көмек беру және бермеу жөнінде шешім шығарады. Шешімнен кейін, міндетті түрде заңгерге келісімшарт жасауға ақпарат береді. Келісімшарт жасалғаннан соң, есепші ақша қаражатын мұқтаж жанға аударады және ақшаны қандай мақсатта жұмсалғандығы жөнінде есеп аламыз», – деді ол.
Қазір қоғамда қайырымдылық жасайтындардың өзіне күмәнмен қарайтындар көп. Мұны қор директоры да растайды.
«Біздің жұмысқа күмәнмен қарайтын жандар да кездеседі. Бірақ өте сирек. Өйткені, біз ашықтық принципті ұстанамыз. Соңғы ақшасын осы бағытқа жұмсайтындар бар. Сол себепті, халық бізге сенім артып отырғаннан кейін әлеуметтік желіде жиналған қаржыны ашық көрсетіп, есеп беріп отырамыз. Бүгінгі таңда елімізде осы мақсатты ұстанатындар көбейіп келеді. Көп түкірсе, көл дегендей, жығылғанға демеу беріп, сүрінгенді қолдайтын жандар арамызда көп. Бұл көңілге медеу сыйлап, қуаныш ұялатады», – дейді «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры Жасұлан Бостандықұлы.
Жұдырықтай мейірімді жүрегімен өзгеге қуаныш сыйлап жүрген келесі кейіпкеріміз – Жаннұр Алмасқызы.
Жаннұр қайырымдылықпен әр қазақ айналысу керек деп есептейді. Ол өзінің сүйікті ісін басқалармен бөліскенді ұнатады. Яғни, жасаған ісі арқылы өзгеге қуаныш және көңіл-күй сыйлауды басты мақсат еткен.
Ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «география» мамандығының 4-ші курсында оқиды. Айтуынша, мұндай іспен кішкентай кезінен айналысады.
«Мектеп кезінен еріктілер қатарында болдым. Көмекке зәру жалғыз басты қарттардың үйіне барып, қолұшын созып, көмектесіп тұратынмын. Енді міне, студент болдым. Есейдім. Бұл ісімді ешқашан тастамаймын. Осы жылы қайырымдылықты өзімнің сүйікті ісіммен байланыстыруды жөн көріп, «Лаула» жобасын бастадым», – дейді жас ерікті.
Бүгінде бұл жоба аясында көптеген қайырымдылық іс атқарылуда.
Айтуынша, жобаның негізгі мақсаты қараусыз қалған бүлдіршіндер мен жалғызбасты қарттар үйіндегі қарияларға жағымды эмоция сыйлау, көңіл-күйін көтеру. Негізгі идеяны өзінің туған әпкесі ұсыныпты. Қыш өнерінің қыр-сырымен тыныстырып, шеберлік сағатын өткізіп жүр.
Сіз басқа адамға тіпті, қоршаған ортаға және өзіңізге мейірімді бола аласыз.
Мейірімділік дегеніміз не және өмірде неге маңызды?
Мейірімділік біздің өміріміздің барлық саласында бар және қоғамда өмір сүру сапасын жақсартады. Біз мейірімділіктің кішкентай қимылының қаншалықты үлкен әсер ететінін кейде байқамай қаламыз.
Мейірімділік – басқаларға қамқорлық және олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін іс-әрекеттің бірі. Бұл бізге өзге адаммен мағыналы және сау байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мейірімді болу басқаларға тікелей әсер етіп қана қоймайды, өзіңізге де оң әсерін тигізеді. Біреу бізге жақсылық жасағанда, біз оны сезінеміз және олармен жұмыс істеуге дайын екенімізді білдіреміз. Ал біз біреуге жақсылық жасағанда, біз сенімділікті дамытамыз және өзімізді жақсы сезінеміз. Өйткені біз жақсы адамбыз.
Зерттеулер көрсеткендей, мейірімділік таныту және басқаларға көмектесу біздің психикалық денсаулығымызға пайдалы. Мысалы, спорт стрессті азайтады, эмоционалды денсаулығымызды жақсартады, тіпті физикалық денсаулығымызға пайда әкеледі. Сол сияқты мейірімді болудың да пайдасы өте көп.