Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мұғалім тапшы және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді жібереді
Жаңалықтар

Мұғалім тапшы және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді жібереді

21.06.2022
1 мин
63
15619

Оқу-ағарту министрлігі мұғалім жетпейтін және білімі нашар өңірлерге үздік педагогтерді жұмысқа орналастырмақ. Осы мәселе бойынша арнайы бағдарлама басталды.

Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Қажет құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалім тапшы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген еді. 

Мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары жайында. Бұл аймақтарға математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет. Халықаралық PISA 2018 зерттеуінің және Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі басқа облыстардың оқушыларымен салыстырғанда осы өңірлер оқушыларының білімінде алшақтық барын көрсетіп отыр.

Осы өңірлердің білім сапасын арттыру және педагог тапшылығы мәселесін шешу үшін үздік мұғалімдерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді. Педагогтер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-магистр» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сонымен қатар оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi қатыса алады. Педагогтерге конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан қатысуына болады, – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Мұғалімдерді бос лауазымдарға тарту үшін тиісті аймақтардың облыстық білім басқармалары жанынан Үйлестіру кеңестері, сонымен бірге министрлік жанынан Конкурс комиссиясы құрылады.

Бос жұмыс орындарына орналасу үшін үміткерлер компьютерден тестілеуді сәтті тапсырып, эссе жазып, әңгімелесуден өтуі керек. Емтихандар үміткердің таңдауы бойынша өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді.

Ал әңгімелесуді министрлік жанындағы Конкурс комиссиясы өткізеді. Комиссия құрамына «НЗМ» ДББҰ, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері кіреді.

Конкурс іріктеуінен өткен мұғалімдерге 4 апталық біліктілікті арттыру курстары мен курстан кейінгі қолдау шаралары ұйымдастырылады. Оның құрамына онлайн және офлайн форматтағы семинарлар, вебинарлар мен шеберлік сыныптары, Зияткерлік мектептердің зертханаларында жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған тағылымдамалар кіреді.

Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері бар. Оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.

 

 

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2628 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
63 Пікір
Р
Раьно 13.07.2022
Алеметык жумыска тартукерек
Жауап беру
22.09.2022
Акелик кукыгынан айыру керек
Жауап беру
Г
Галымжанова Динара 02.07.2022
Мұғалімдердің ақшасын көтеріп жатыр,бірақ білім жоқ. Неліктен? Компьютер мен қағаз жұмысы өте көп. Сол құжаттарды ГОРОНО-ға жібергенше , уақыттарын кетіріп ,одан да сапалы білім бергені дұрыс болар еді.
Жауап беру
С
Сандугаш 30.06.2022
Негызы,казыргы МОНнын политикасына косыла алмаймын.Мугалымнын зарплатасын котеруде,алайда мугалым кауымы озгеретын туры жок. Окушыга деген козкарастары бурынгыдай ,9-дан кейын кетындер,деп ашык айтады окушыга.Я считаю,что это не профессионально.Учитель тем самым не понимает,что сам себя обесценивает.Он не смог заинтересовать ученика.Коп жерде окушыга деген курмет жок,калай болса солай сойлейды.Зарплата алатын кезде жеп коя жаздайды,айдын 1-нен бастап сурауда болады.Мугалымдар еш алансыз окушыларга былым берсе екен деп жалакысын котеруде,алайда Зарплата котерген сайын,адамнын шыгыны да кобейеды.Баягы кайын сол кайын.Казыр подушевое финансирование деп жатыр,сол дурыс деп ойлаймын.
Жауап беру
З
Зарипа 29.06.2022
Нурман мырза дұрыс айтады,кадр тапшы өңірлкрге конкурс жариялап, одан ьір мұғалім өткенше, осындай кадр тапшылығы бола береді, соңында тек танысы бар, өзінің ешқандай біліктілігі жоқ мамандар өтіп кетеді, сабақ кезінде телефон шұқылап отыратын
Жауап беру
05.07.2022
Ия қазір тек таныс арқылы алады
Жауап беру
Н
Нурман 26.06.2022
Орыс тілін пәнін алып тастау керек.Еш пайдасы жоқ
Жауап беру
27.06.2022
Жоқ келіспеймін, мен қазақпын, бырақ алдымен өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген қағиданы жақсы меңгеруіміз керек
Жауап беру
Н
Нураш 25.06.2022
Түркістанда кадр тапшылығы дегені несі, бір бос орынды аңдып отырған артында он адам тұр ғой.
Жауап беру
А
Алтынай 24.06.2022
Дәулет мырза,өтініш,сілтеме,мекенжай,телефон нөмірлерін салсаңыз.Әйтпесе,соқыр мысықтай жүрміз,қайда кімге хабарласуды білмей
Жауап беру
27.07.2022
Бұл сайтта дайынды копировать и вставить етіп қана отырады, тоже нақты ештеме жоқ
Жауап беру
А
Акнур 24.06.2022
Осының бәрін жасау керек
Жауап беру
А
Арпвод 24.06.2022
Қалай тапсыру,қайда тапсыру керек екендігі дұрыс көрсетілмеген?сұрасаң жауап бермейді,әркім өз танысын тығады не ақша алады бұл жерде де
Жауап беру
Жулдыз 23.06.2022
Жумыссыз жургениме 9 жыл болды. Дипломнын уакытты отип кетти. Мектепке неше жыл болды жумыс сурап. Бирак жумыс жок орын бос емес диди. Казак адебиети сапып жатырмыз деп шыгарып салады.
Жауап беру
А
Асель 23.06.2022
Мынанша тест, конкурстың қажеті не сарапшы, зерттеушілер и так та тест тапсырып келген адамдар ғой. Собеседование жеткілікті деп ойлаймын
Жауап беру
А
Асель 23.06.2022
Мынанша тест, конкурстың қажеті не сарапшы, зерттеушілер и так та тест тапсырып келген адамдар ғой. Собеседование жеткілікті деп ойлаймын
Жауап беру
Д
Динара 23.06.2022
Оқу бағдарламасын түзету керек,мектепте мұғалім тек қана білім беру керек,ал тәрбиемен ата-ана айналысын!!!мұғалімнің есептері әліде азаймады,өзінің көп уақытын ,денсаулығын кетіреді....сондықтан, мұғалімнің алатын ақшасын санауды доғарып, түсіністікпен қарауды үйреніңіз!!!
Жауап беру
А
Айзат 23.06.2022
Мен Ақмола облысы , Атбасар ауданы,Сочинский ауылынан боламын.Менің мамандығым мектепке дейінгі тәрбиеші.Өз мамандығымен жұмыс істемеймін.Өзім үшін тестен өтуге бола ма?
Жауап беру
А
Айнұр Атабаева 23.06.2022
Мен Манғыстау Бейнеу ауданында тұрамын. Тестілеуге қатысып мұғалім болғым келеді. Мамандығым мұғалім. Тестке қалай қатыссам болады
Жауап беру
А
Аида 23.06.2022
Туркистанда кайдан тапшы мугалим? Мектептерге барсан толып жатыр. Сагат жок дейды. Таныс маныс дегенмен киресин тек кана.
Жауап беру
Г
Гулжан 23.06.2022
Саламатсыз ба мұғалім болып жұмыс істегем. Қазір ерекше баламен жұмыс ка алмайды Атырау да
Жауап беру
К
Куатбекова Жайна 23.06.2022
Балам жұмыс таппай жүр, физкультура маманы қайда тапсырады өтінішті
Жауап беру
А
Аида 23.06.2022
Мугалим калай тапшы болад? Барсам ставка сурайд полный адам дид ставка берсен гана орын тауып беред
Жауап беру
С
Серік 23.06.2022
Шымкент?
Жауап беру
Е
Еркежан 22.06.2022
Ұстаздарға қазір өте жақсы барлық жағдай жасалған, сол жағдайға байланысты жұмыс істесе болады. Алға мақсат қою керек бұл балаларға білім, тәрбие берем деп, ақша үшін емес.
Жауап беру
Қ
Қымбат 22.06.2022
"Педагог-магистр" деген де санат бар ма?
Жауап беру
К
Күләш 22.06.2022
Зейнеткерлер конкурса катыса ала ма?
Жауап беру
А
Айсанам 22.06.2022
Үздіктің аты - үздік. Ол өз ұжымында-ақ белгілі. Неге ондай мұғалімдерді қинап, тест тапсыртқызады? Осы көктемде бір мұғалім өліп те қалған жоқ па? Биліктегілер қазақтарға оңайлықпен ақша бергісі келмейді де. Шет елден келгендер, не орыс, не кәріс болсыншы, білімі емес, ұлтына қарап миллионды ұстата салады.
Жауап беру
22.06.2022
Сол тест деп жүріп 6 айды жумсаймыз ғой. Тестке дайындық деп канша уакыт уайыммен кетеді, Құжаттары аз емес, видео сабақ косылды. Оған қоса нәтижесі калай болады екен деп уайымдап тағы жүреміз. Балаға жаңа нәрсе ойлап ұйымдастыруга күш қуат калмайды, ойы бір жерде болмагансон. Ал мектеп құжаттарын айтпай ақ қояйын, ол түсінікті жайт болып калды
Жауап беру
М
Меруерт 22.06.2022
Педагог-зерттеуши куалиги бар устаздар кайтадан тестилеуден оте ме?
Жауап беру
Б
Бақытжамал 22.06.2022
Ақша бермесең еш жер жұмысқа алмайды
Жауап беру
Б
Бақытжамал 22.06.2022
Астанаға мұғалім керекпе
Жауап беру
Ш
Шахсанам 22.06.2022
Туркистанда мугалим тапшы дейма маскара журмизгой агылшынды окып алып ешьир жер жумыска алмайдыкайда барсанда ойбаааай озимизге сагат жетпей жатыр деп .Акша бермесен туркистанда жумыска алмайды абден акшага даниккендер
Жауап беру
Н
Нагима 22.06.2022
Мұғалім тапшы ма я толық па. Түсінбедік
Жауап беру
А
Айша 22.06.2022
Ажыраспау керек, отбасының құрдыңыз ба? Енді оның ыстығы мен суығына шыдау керек.
Жауап беру
М
Меру 22.06.2022
Байы итше сабайтындар өлгенше таяқ жеп өту керекпа? Адам ажырасам деп тұрмыс құрмайды, ойланыңыз
Жауап беру
С
Салтанат 22.06.2022
Қалай қатыса аламыз?
Жауап беру
С
Салтанат 22.06.2022
Қалай қатыса аламыз?
Жауап беру
Г
Гүлзада 22.06.2022
Қалай қатыса аламын
Жауап беру
Р
Райкул Ахметкуловна 22.06.2022
Мемлекеттік мектептерге кіру өте қиын. Мен былтыр магистратура бітіріп, тест тапсырып еш жерге кіре алмадым, содан частный лицейге уақытша кірдім. Ол жерде тест тапсырған қағазыма да қарамады. Мен тесттен өткен "Педагог-сарапшы" категориясының балын жинап едім. Менің бір реніші бар жоғарғы отырған заң шығарушы мен заңды қарастырып, шығарушыларға. Неге? Себебі, былтыр барша ЖОО бітіруші түлектерге тест тапсыру енгізілген болатын. Алайда магистр дәрежесін алып жатқан бітірушілер неге педагог дәрежесін алуы керек. Менің мысалыға 3 жылдық стажым бола тұра, педагог деген дәреже берілді. Енді менің былтыр тапсырған тесттен өткен қағазым биылға жарамды болып табылады ма? Бір рет тесттен өткен соң қанша уақытқа жарамды болады? Мен қайта жұмысқа тұру үшін тест тапсыру міндетті ме?
Жауап беру
22.06.2022
Биликтилик тест 1 жылга жарамды
Жауап беру
24.06.2022
Сонда педагог деген сертификат жарамсыз болып, биыл қайта тапсыруым қажет болса, қайта педагог деген дәреже беріледі ме? Түк түсінбедім. Неге қайта-қайта тапсыруым қажет тегін емес оғанда төлем жасаудың амалы ма?
Жауап беру
Л
Лаура 22.06.2022
Катысу ушин кайда заявление жазамыз? Ссылкасы еш жерде жок Кой
Жауап беру
Р
Райкул Ахметкуловна 22.06.2022
Қайырлы күн! Жоғарыда аталған мамандықтардың ұстаздары ғана конкурсқа қатысып, басқа мамандықтар бойынша қатыса алмайды ма?
Жауап беру
Г
Гулбану 22.06.2022
Мамандықпен жұмыс таппай жүрміз, сағат жетіспейді деп Биология пәні.
Жауап беру
А
Айи 22.06.2022
Ал солтүстік жақта ше ? Вообще мұғалім медпункт медсестра врач деген атымен жоқ қой құдай ау. Брошенный азып тозған деревнялар. Барсакелмес короче
Жауап беру
Г
Гульдана 21.06.2022
Жас мамандарға қолдау керек, көп жерлерде стаж сұрайды, жұмысқа мектеп директоры емес нақты бәріне бірдей талаптар бойынша қабылданса дурыс болар еді. Және де пенсияға шыққан мұғалімдер пенсия мен қатар жалақы алып жұмыс жасап жүр, ал жас мамандар стаж жоқ деп жұмыс жасай алмай жүр,бұл қаншалықты дұрыс? Осындай жағдайларды қатаң бақылауға алсаңыздар жақсы болар еді.
Жауап беру
21.06.2022
Өте дұрыс айттыңыз! Мен өзім бастауыш мұғалім балалы болған сон кіре алмай қойдым содан әле жүрмін.. Стаж жоқ барған жерімде
Жауап беру
21.06.2022
Өте дұрыс айттыңыз! Мен өзім бастауыш мұғалім балалы болған сон кіре алмай қойдым содан әле жүрмін.. Стаж жоқ барған жерімде
Жауап беру
Н
Нұргүл 21.06.2022
Саламатсыз ба! Мен Қызылорда каласы,Қарауылтөбе ауылында тұрамын. Мамандыгым бойынша жұмыс таппай жүрмин. Мамандыгым-Бастауыш сынып мұғалімі. Бала-шағамды асырауым керек. Ай сайын жәрмеңкеге бара бара ужеее аяғымыз талдыыыыы......Қашанғы байлардын ұл-қыздары жұмысқа алынады. Сұраққа нақты жауапты күтемін.
Жауап беру
Г
ГУЛЬНУР ДУЛАТОВА 21.06.2022
Логопед маманы болмай, Шиелі ауданына жұмысқа тұрдық. Дипломмен ауылға бір дүркін ақшаны не үшін ала алмай жатырық???? 2017 ден бері неге берілмейді. Уже жас маманнан шығып кеттік қой.
Жауап беру
А
Ақмарал 21.06.2022
Егов арқылы өтініш тастасаңыз беруге міндетті
Жауап беру
Г
Гүлсім 21.06.2022
Арыз жазып көрмедіңіз бе? Негізі алып жатыр елдер. Сіз талап етіңіз баратын жеріне барып.
Жауап беру
Б
Бақыт 21.06.2022
Қайда тапсырамыз құжатты?
Жауап беру
Ұ
Ұлжан Оспаова 21.06.2022
Өтірік, барсаң орын жоқ деп шығарып салады.
Жауап беру
Э
Эльмира 21.06.2022
Мен былетын Алматы , Туркистан обылысында барлыгы акша . Акша бермесен алмайды
Жауап беру
М
Малика 21.06.2022
Точна
Жауап беру
А
Айнур 21.06.2022
Конкурстың бәрінен өтем дегенше мұғалім болғың да келмей қалатын сияқты ғой
Жауап беру
М
Майгул 21.06.2022
Құжат қайда тапсыру керек?
Жауап беру
Г
Гаухар 21.06.2022
Кетип калсам ба екен ауылга карай
Жауап беру
B
Bota 21.06.2022
Кужаттар кайда тапсыруга болады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл