Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Назарбаева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК-ға өтініш берді
Жаңалықтар

Назарбаева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК-ға өтініш берді

25.02.2022
1 мин
1
776

Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді.

Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс мәжіліске енгізілді. Тиісті қаулы Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

"Конституциясының 52-бабына, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды", - делінген ОСК ақпаратында.

Қаулы мәтіні:

1. Өтініштің берілуіне байланысты мәжіліс депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз бар;

2. Мәжіліс депутаты Д. Н.Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Мәжіліске енгізілсін.

Еске сала кетсек, бүгін Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол өз үндеуінде толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғарғанын айтты.

Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.

Айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.

Назарбаева барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді.

Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Болдыкыз 25.02.2022
Арине Токтады,асарын асап,жасарын жасап,Казакстанда желинетинди жеп калганын сумка сумка шетел асады,барин битирген сон,тук болмагандай отиниш берип кете салады екен,миллярдтаган карыз алып,Казакстан халкын косякка салып кетеди.Ондай бастыктын болганынан болмаганы артык!Казакстан кандай жагдайга тап болса солардын кесири!✅
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл