Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат отырысы барысында «Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға бірқатар түзетулер енгізілді. Нәтижесінде, 13 қаланы тұрғын санының аздығына байланысты мәртебесін өзгерту мәселесі талқыланды.
Сенатор Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, Қазақстандағы 48 қаланың 10-нан астамы бұл талапқа сәйкес келмейді.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстанда тұрғын саны 10 мыңға жетпейтін 13 аудандық маңызы бар қала тіркелген:
1. Степняк (Ақмола облысы, Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы) - 3457 адам;
2. Ерейментау (Ақмола облысы, Ерейментау ауданының әкімшілік орталығы) - 8 819 адам;
3. Державинск (Ақмола облысы, Жарқайың ауданының орталығы) - 5811 адам;
4. Темір (Ақтөбе облысы, Темір ауданы) - 2135 адам;
5. Жем (Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы) - шамамен 2 мың адам;
6. Шар (Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы) - шамамен 6 500 адам;
7. Серебрянск (Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы) - шамамен 8 500 адам;
8. Қарқаралы (Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы) - 8 мыңнан аса адам;
9. Қазалы (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) - 5 мыңнан аса адам;
10. Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы) - 6771 адам;
11. Сергеевка (Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы) - 7610 адам;
12. Булаево (Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік орталығы) - 7681 адам;
13. Мамлют (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданының әкімшілік орталығы) - 6769 адам.
Тағы көру