Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кеше Жамбыл облысындағы Жайсан кенішінде апат болған. Оқиға орнында екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы компания мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алған.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазды компания.
Айта кетейік, бұған дейін 22 қарашада Жезқазғандағы №2 өңдеу зауытында апат тіркелген. Оқиға кезінде машинист жан түршігерлік жарақат алып, жедел жәрдем оның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.