Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан азаматтары Ресейге кірген кезде биометриялық деректерді тапсыруы тиіс, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Эксперименттің алғашқы кезеңінде, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 маусымға дейін, Қазақстан азаматтары Мәскеудің халықаралық әуежайларына (Домодедово, Шереметьево, Внуково және Жуковский) немесе Орынбор облысындағы Маштаково автокөлік өткізу пункті арқылы келген кезде биометриялық деректерін – бет-бейнесін және саусақ іздерін тапсыруға міндетті.
Екінші кезеңде, 2025 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін, эксперимент Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерін қамтиды. Осы кезеңде әрбір шетелдік азамат (соның ішінде Қазақстан азаматы) үшін цифрлық профиль жасалады. Мұндай профильді өз бетінше RuID қосымшасында да құруға болады. Бұл қосымша басқа елдердің азаматтары үшін мемлекеттік қызметтерге балама болып, Ресей аумағына келу туралы хабарлау және түрлі қызметтер алу (мысалы, медициналық сақтандыруды рәсімдеу) мүмкіндігін ұсынады. Цифрлық профиль мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, бірнеше мемлекеттік жүйелерге біріктіріледі.
Шекарадан өту пункттерінде қосымша процедураларға дайын болуға кеңес береміз.
Эксперимент мына санаттарға қолданылмайды:
– Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;
– дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері;
– 6 жасқа дейінгі балалар.