Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын уақытша тоқтату ұсынылды
Жаңалықтар

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын уақытша тоқтату ұсынылды

02.11.2024
1 мин
10
1458
Сурет: inbusiness

Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлерді таңдау алдында қалдырмақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2024 жылдың 1 қарашасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистермен кездесуінде жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлемін уақытша тоқтату ұсынысы туралы пікір білдірді. Светлана Жақыпованың айтуынша, қазіргі таңда зейнет жасына жеткен көптеген адам әрі қарай жұмысын жалғастырып, зейнетақы мен жалақыны қатар алып отыр.

- Олар жұмыстан кеткісі келмейді, өйткені олар үшін қолайлы жағдай бар – олардың білімі, тәжірибесі сұранысқа ие, сондықтан олар жұмысын жалғастыра алады. Осындай жағдайда бюджеттік төлемдерді олар жұмыстан шыққанша уақытша тоқтату ұсынылып отыр, – деді ол.

Оның айтуынша, үнемделген қаражатты 55 жасында зейнетке шығуды қалағандарға төлеуге бағыттауға болады.

- Бұл әлі талқылау сатысында. Өткен аптада біз сарапшылармен кездесіп, кейбір ұсыныстарды талқыладық. Әкімдер мен министрлер мемлекеттік қызметшілер болғандықтан, зейнет жасына жеткеннен кейін келісімшарт бойынша бір жылға ғана жұмысын жалғастыра алады, одан кейін зейнетке шығуға міндетті болады. Мысалы, маған зейнет жасына жеткеннен кейін жұмысымды жалғастыру ойым бар ма деп сұрады. Мен жұмысымды жалғастыруды жоспарлайтынымды айттым. Ғылыммен айналысуға немесе сабақ беруге мүмкіндігім бар. Егер мен зейнетке шықпай, әрі қарай жұмыс істей берсем, зейнетақы алмай, тек жалақыға ғана өмір сүретін боламын, – деп түсіндірді министр.

Жақыпованың айтуынша, бұл норманы қолдау немесе қолдамау мәселесін қазақстандықтар өздері шешеді.

- Егер барлық қазақстандықтар: ‘О! Жақсы екен, зейнеткерлерге зейнетақы төлемеуге келісеміз, кім ертерек шыққысы келсе…’ – десе… Ал ерте шығуды кім қалайды? Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар, көпбалалы аналар, қауіпті және ауыр жағдайда жұмыс істейтін адамдар. Бұлардың бірнеше категориясы бар. Сондықтан бұл жерде таңдау құқығы қоғамның еншісінде, және қоғам бұл мәселені өзі талқылауы тиіс, – деп түйіндеді Жақыпова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
10 Пікір
Г
Гулзипа 03.11.2024
Министр сияқты емес қой Қарапайым мұғалімнің айлығы Мұғалім болуда оңай емес Пенсия да Айлықта алсын Мұғалім жасап жүргенднр
Жауап беру
А
Асем 02.11.2024
Әрине дұрыс
Жауап беру
А
Айман 02.11.2024
Зейнетакыны муктаж демалыска шыккысы келетин адамга беру керекжумысы ауыр шаршаган адамга ал жумыс истеймин деген адам зарплатага истей берсин дурыс емес еки жерден акша алу
Жауап беру
03.11.2024
Зейнетақысын алсын ол еңбегінің зейнеті. Жұмыс жасауды жалғастырса олда жасаған еңбегінің төлемақысы. Екеуіде төленсін.
Жауап беру
Н
Нурсултан 02.11.2024
Аркимнин зейнетакы алып, жумыс жасауга какысы бар.Пал Аша Бермей тыныш отыр Света))) Жетискеннен жумыс жасамайды зейнеткер.Пенсия аз болгансон жур.Айтпесе немним азабы бари жетип турса.Осындай жагымпаздарды Курту керек орнынан )))) Аминь
Жауап беру
А
Алия 02.11.2024
Дұрыс екен. Жастар жұмыс таба алмай жүр
Жауап беру
Г
Гулжан 02.11.2024
Бизде де солай пенсияга шыгып жумыстан калмай жур жастарга орын бермейди Зан шыкса тандар еди демалысты
Жауап беру
Г
Гуля 02.11.2024
Дурыс шешим 65 тен 70 ее дейн пенсионер жумыстан кеткиси келмейди коз кормей кулак естимей кандай сапа болады тандау койса арине пенсияны тандайды
Жауап беру
Ж
Жадыра 02.11.2024
Мен мүлдем қолдамаймын. Қай жетіскеннен зейнетке шығып жұмыс істейді дейді осылар. Не қан мен термен жинаған пенсионный ақшаны ол талан таражыға түсірді. Не оны алалмайсың. Ызам келеді осы сиякты мидары жок министрлерге, халықтың жағдайын бір сағатта ойламайды. Отырып алып енді өтірік заң шығарғанға мәз. Беріңдер жылдар бойы жиналған адал ақшамызды, оны жартысын беріп, оны 16 жылға бөліп додасын шфғардыңдар.
Жауап беру
Э
Эльнура 02.11.2024
Мен де келісем осы оймен, себебі менің жұмысымда зейнетке шыққан 3 маман отыр, жұмыстарын дұрыс атқармайды, келіп кетіп жүреді. Бірақ зейнетақысында жалақысын да алады, ешбір ұстамасыз. Категорияларын көтеруге бармайды, ешбір жаңаша жұмысты еңгізуге келіспейді. Жұмыстан шығуге ешбір негіздерін жоқ жұмыс жасауға құқым бар деп отыр, ал қаншама жастар іскерлі, жан- жақты, креативті болса да жұмыс таба алмай отыр,
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл