Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды

06.02.2025
мин
0
1750

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 ақпанда еліміздің Алматыда, Астанада және 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлытау облысында жел солтүстік-шығыстан, шығысытан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екіпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ.

Алматыда жолдарда көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл