Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды
Жаңалықтар

Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды

14.07.2025
мин
0
272
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Жаңа технологиялар және жоғары нәтижелер жөніндегі комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Руслан Желдібай бұл қызметті қоса атқаратын болады. Айта кету керек, бұл – қоғамдық негіздегі жұмыс (яғни, еңбекақы қарастырылмаған).

Комиссия заманауи технологияларды енгізу, оларды спортшылардың, әлемдік дзюдо қауымдастығының мүддесіне сай тиімді әрі этикалық тұрғыда пайдалану мәселелерімен айналысады. Ерекше көңіл инновацияларға, ынтымақтастыққа және заман талабына сай тұрақты дамуға бөлінеді.

IJF өкілдері Руслан Желдібайдың тәжірибесі мен құзыреттілігі комиссия жұмысына елеулі үлес қосып, дзюдоны жаһандық қозғалыс ретінде ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Руслан Желдібай – 2025 жылғы 17 ақпаннан бері Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы. Бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. 2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл