Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Елімізде карантин жағдайына байланысты жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшерін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Оның айтуынша, алда карантин режимі енгізілсе, азаматтар жұмыссыз қалып, табысынан айырылады. Сол себепті алдын алу шараларын қарастырып, дайындық жұмыстарын бастау керек.
"Карантин уақытында қазақстандықтардың жұмыссыз қалуына байланысты төленетін төлемді арттыру туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Нұрымбетов.
Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасын жалғастырып, "Еңбек" жобасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындарын арттыру, қысқартылған жұмыс істеу режиміне көшкен жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерін сақтап қалу көзделіп отыр.
Тағы көру