Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тимур Жақсылықов Беларусьтегі ҚР Елшісі болып тағайындалды
Жаңалықтар

Тимур Жақсылықов Беларусьтегі ҚР Елшісі болып тағайындалды

04.06.2024
1 мин
0
345
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды dauletten.kz.

Ерлан Байжанов бұл лауазымнан босатылды.

Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандағы бойынша, Саяси зерттеулер институтын саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистры, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы болып бастаған.

1993-1997 жылдары — Қазақстан агротехнологиялық университетінің атқарушы ректоры.

1997-1998 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы.

1998-2003 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры.

2004-2005 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Женева қаласындағы тұрақты өкілдігінде бөлім басшысы – ДСҰ мәселелері жөніндегі министрлік өкілдері тобының жетекшісі.

2005 жылғы шілде-қараша аралығында — ҚР Сыртқы істер министрлігінің Швейцария Конфедерациясындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы.

2005 жылғы қараша – 2006 жылғы ақпан аралығында «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2006 жылғы ақпан-қазан — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директорының м. а.

2006 жылғы қазан – 2007 жылғы қыркүйек аралығында «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры қызметін атқарды.

2007 жылғы қыркүйек – 2008 жылғы сәуір аралығында — Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2008-2009 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2010 жылдары — ҚР индустрия және сауда вице-министрі.

2010 жылғы сәуір-тамыз аралығында — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің комитет төрағасы.

2010-2012 жылдары — «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы.

2012-2013 жылдары — ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2013-2014 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014-2017 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2017-2018 жылдары — экономика және қаржы саясаты министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Мәскеу қаласы.

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін — ҚР Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл