Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі
Жаңалықтар

Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі

25.10.2021
1 мин
9
10263

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.

Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде – 5 жыл, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар маман қатысады.

"Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру", - деп хабарлады министрлік.

Байқау 2 кезеңнен тұрады. Алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді.

"Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады", - деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдары, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар кірді.

 

Желілік маркетинг дегенде сіздің ойыңызға не келеді?
726 адам
Халықты алдау 0%
Опық жеу 0%
Босқа уақыт өткізу 0%
Жеңіл ақша табу 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
9 Пікір
Т
Тазагул 16.11.2021
Халыкты алдау
Жауап беру
Г
Гули 29.10.2021
Женыл акша табу
Жауап беру
Г
Гулмира 29.10.2021
Жеңіл ақша табу
Жауап беру
М
Меруерт Осенова 27.10.2021
Төртеуіменде келіспеймін.
Жауап беру
А
Айгүл 26.10.2021
Неге халықты алдау? Ақша салып күтіп жүрмейді пирамидалар сияқты. Қолына товар алады ғой. Ал енді оны сата ала ма, жоқ па ол басқа сұрақ. Мен негізі оларға қызығам. Бірақ істеуге қорқам. Қолдан келмейтін сияқты
Жауап беру
А
Айкерим 26.10.2021
Жеңіл ақша табу
Жауап беру
А
Айкерим 26.10.2021
Жеңіл ақша табу
Жауап беру
Н
Нургул Жумина. 26.10.2021
Дым жасамайтын, жалқау адам үшін босқа уақыт өткізу. Түсініп жасайтын адамға үлкен еңбек, адал еңбек, даму, өсу, өзге адамдарға көмектесе отырып, өзіңе көмектесу.
Жауап беру
К
Куралай 26.10.2021
Желілік маркетинг те еңбектен тұрады.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл