Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі айтты. Онда алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін ақшалай сыйақы мөлшері көрсетілген, дейді Dauletten.kz.
«Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5 мың АҚШ доллары қарастырылып отыр.
Азия ойындарының күміс жүлдегері 5 мың АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3 мың АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген», – деді Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ведомства өкілінің айтуынша, Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.
Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, еліміздің әр өңірінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Спортшыларымыз жақын күндері Қытайға аттанады.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстан бокс федерациясы президенті Кеңес Рақышев та Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында жүлде алған әйелдер құрамасына алтын медаль үшін 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлерге 30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін 10 мың АҚШ долларын бермек.