Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы, жәрдемақы, АӘК: Қазақстанда әлеуметтік көмекке қанша теңге бөлінеді
Жаңалықтар

Зейнетақы, жәрдемақы, АӘК: Қазақстанда әлеуметтік көмекке қанша теңге бөлінеді

19.11.2021
1 мин
1
1455

Сенаттың жалпы отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, 2022 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 13 трлн теңге сомасында анықталған. Бұл ретте мұнайға қатысты емес түсімдердің үлесі биыл 56,4 пайыздан 2024 жылға қарай 71,4 пайызға дейін өсумен көзделген.

"Бюджет тапшылығы 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,3 пайызынан 2024 жылы кезең-кезеңмен 2,5 пайызға дейін төмендеуімен айқындалған", - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев бюджет шығыстары келесі жылы 15,9 трлн теңгені құрайтынын жеткізді.

Министрдің сөзінше, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты басымдықтың бірі.

"Оны бюджеттің әлеуметтік шығыстарының өсу динамикасы көрсетіп отыр. Мәселен, осы бағыт бойынша үшжылдық кезеңдегі шығыстар 26,8 трлн теңгені, оның ішінде 2022 жылы - 8,1 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 50,8%-ын құрайды", - деді ол.

Министр әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға 13,4 трлн теңге, оның ішінде келесі жылға 4,3 трлн теңге жоспарланғанын сөз етті. Оның 94%-ы зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2022-2024 жылдары 5,7 трлн теңгені, оның ішінде келесі жылы 1,8 трлн теңгені құрайды. Осы қаражат шеңберінде медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға шығыстар көзделген. "Білім және ғылымды дамытуға бюджет жобасында 7 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 1,8 трлн теңге көзделген", - деді қаржы министрі. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нурбаги 20.11.2021
мен әскери зейнеткермін жасым 49-да БЖЗҚ-нан зейнетақы жинағындағы өзіме тиесілі соманы шешіп алуыма боладыма?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл