Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі: қанша қазақстандық ақшасын ала алады
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі: қанша қазақстандық ақшасын ала алады

06.12.2021
1 мин
7
1802

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Жанат Құрманов 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің артуын түсіндірді. Ол шектен артық ақшаны қанша адам ала алатынын есептеп берді.

Бұл туралы БЖЗҚ басшысы "Хабар" телеарнасындағы "Ошақбаев LIVE" бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін 150 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады. Бұл азаматтардың үш санатының бірі ғана. Қалған екеуіне зейнеткерлер және зейнетақы аннуитетін алған адамдар кіреді. Ел бойынша барлығы 582 мың адам бар.

"Әдістемеге сәйкес азаматтардың үш санаты өздерінің зейнетақы жинағын пайдалана алады. Олар: зейнеткерлер, зейнетақы аннуитетін алғандар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және салым жеткілікті шектен асқан кезде ақшасын пайдалана алатын адамдар. Азаматтардың үшінші санатына ғана тоқталсақ, олардың саны 500 мың адамға жуық. Шектің көтерілуіне байланысты, бұл сан азаюы мүмкін, шамамен 150 мың адам болады", - деді Құрманов.

3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.

Егер 2021 жылы 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек мөлшері 1 710 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 3 140 000 теңге болады.

Ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
7 Пікір
М
Манат Кайратулы 07.12.2021
Салеметсизбе ! 28жастамын пенс фонд алу ушин корда канша тенге болу керек ...жане калай шешуге болады ????
Жауап беру
Р
Раушан 07.12.2021
Жолдасым әсеери қызметінде жұмыс жасайды оларда пенс фонд жоқ өкімет алып қойған бірақ қалған ақшасы бар соны берсе жақсы болар еді мен жолдасымын контейнер алып өз саудамды бастағым келеді
Жауап беру
К
Күлзира 06.12.2021
Әйел адамдардың зеинет жасын 50-55 болса дурыс болар еді
Жауап беру
С
Самат 06.12.2021
Уй аламын деп тиспей отырган едим квартирада турамын уй жок менин атымда вообще болмаган неге уй бар адам дарга аударып шын муктаждарга осылай жасап отырсындар
Жауап беру
К
Кеш жарық! 20жастағы студент 1700 мың тг.қайдан алады? Неге ойланбайды??? Заң шығаруға ұсыныс берген кезде?????? 06.12.2021
Қызым студент . 20 жаста..қалай 1700мың тг табуға боладыг.
Жауап беру
А
Аяла 06.12.2021
И такта 2021 ала алмай қалдық, 2022 де үндемей отыра берейік. Неге олай жасады, аяқ асты? Наборот алалмай қалғандарға көмектеспейма, суммасын азайтып
Жауап беру
Ғ
Ғалымжан 06.12.2021
Не себепті аяқ асты бұндай әрекетке барды екен?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл