Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
1 қыркүйек күні өткен жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы зейнетақы жарнасының бір бөлігін пайдалануға болатынын айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кімдер зейнетақыны алатыны жөнінде толығырақ тоқталды.
"Президент жыл соңына дейін бұл мәселеге қатысты дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 721 мың салымшы зейнетақы қорынан қаражатын алып, баспанаға, емге және білімге жұмсай алады. Бұл дегеніміз шамамен 1,4 трлн теңге", - деді Нұрымбетов.
Министр өз сөзінде азаматтар жинақтағы ақшаны 50 %-дан асырмай алу керектігін атап өтті. Олардың ішінде жинағы "жеткілікті шегінен" асатын 530 мыңға жуық азамат, сондай-ақ зейнетақы жинағы бар 178 мыңнан аса зейнеткер және сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан 13 мың адам барын айтты.
Тағы көру