Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Желіде жасөспірімдер түсірген видео пайда болды. Видеода олар құрдасын тізерлетіп қойып, оны ұрып-соғып, ақша талап еткен. Оқиға туралы ШҚО ПД пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады. Ондағы жазбаға сәйкес, оқиға Зайсан қаласында болған.
“Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласындағы жасөспірімдер құрдасын тізерлетіп, ұрып-соғып, ақша талап еткен”, - деп көрсетілген видео жазбасында.
Облыс ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдіктілер анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ құқық бұзушы қыздар мектепішілік есепке алынып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды, - деп хабарлады ведомство.