Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болып, кей аймақтарда найзағай ойнайды.Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді. Тек еліміздің шығысында антициклонның әсерінен күн ашық болады.
Күндіз Жетісу, Абай, Батыс-Қазақстан, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде және Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қатты ыстық болуы мүмкін.
Астанада күн ала бұлтты, жауын жауады. Ауа температурасы +27+29°С, желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14, екпіні 15-18 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы +29+31°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +34+36°С, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.