Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр және дауыл ықтимал. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Оңтүстікте күн ашық, бірақ жел күшейіп, кей аумақтарда шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Алматы және Жетісу облыстарында күндіз 35–37°С қатты ыстық болады.
Астана — күн бұлтты, жаңбыр, найзағай. Күндіз +21…+23°С, түнде +12…+14°С. Жел 9–14 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін.
Алматы — ала бұлтты, кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз +32…+34°С, түнде +18…+20°С. Жел 3–8 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.
Шымкент — ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +35…+37°С, түнде +19…+21°С. Жел 8–13 м/с.