Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шығыста нөсер жаңбыр күтіліп, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Астана қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндізгі температура +25…+27 °C аралығында, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда күн бұлтты, күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +30…+32 °C, желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +33…+35 °C, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік аймақтарда негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталса, солтүстік пен орталық өңірлерде өткінші жаңбыр жауады. Кейбір облыстарда қатты жел мен шаңды дауыл күтіледі.