Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ трамадолды дәрігердің рецептісіз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, дәріханалық нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2023 жылы трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілген. Бұған дейін ол ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада еркін сатылған. Қазіргі уақытта бұл препарат тек дәрігердің рецепті бойынша, тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана беріледі.
- Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сатуға қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері трамадолды заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынып, олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Медициналық мақсаттағы есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес “есірткіні заңсыз өткізу” ретінде қарастырылады. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.