Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклонының ықпалы сезіледі. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіліп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын түсіп, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Қазақстанның 16 облысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Кей аймақтарда екпінді желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Сонымен қатар оңтүстікте аптап ыстық болып, ауа температурасы +39 °С-қа дейін көтеріледі.
• Астана — бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +10…+12 °C, күндіз +24…+26 °C.
• Алматы — күн ала бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз. Түнде +15…+17 °C, күндіз +27…+29 °C.
• Шымкент — күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18 °C, күндіз +32…+34 °C.
Шығыс Қазақстан мен солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, тұман және екпінді жел күтіледі.
Ал батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда күн ашық болады.