Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
15 маусымда Семейде өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Сергей Архиповтың отбасына Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.
«Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз», - деді Нұрлан Уранхаев.
фото: gov.kz