Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ұшақтардың әуежайдан уақытылы шықпауы мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Жаз кезінде ұшақтардың кешігуі жиі кездесті. Соңғы кезде кешігу оқиғалары жаппай сипатта емес. Әр осындай оқиға бойынша қатаң бақылау жүргізіледі. Адамдар компания үшін 3 млн теңге сомасындағы айыппұл ешқандай ауыртпалық емес деп айтуы мүмкін. Егер қатарынан бірнеше рет айыппұл салсаң, онда олар жағдайды түзетуге әрекет ете бастайды. Бұл ретте мемлекеттің саладағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған қадамдарының оңтайлы нәтижесі көрініп отыр. Сондықтан олар өз жұмысын дұрыс жағына қарай құрылымдай бастады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Сонымен қатар ол ұшақтардың кешігуі техникалық себептерге қатысты екенін айта отырып, оның бәрі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін екенін де атап өтті.
«Air Astana компаниясы әлемдік талаптарға сай екені белгілі. Ұшақтардың рейске кешігіп шығуы техникалық себептерге қатысты болып жатады. Осы орайда техникалық себептер түрлі сипатта анықталады, яғни ұшаққа құстардың соғылуы немесе датчиктің істен шығуы секілді жағдайлар болады. Бұл тұрғыда Air Astana ұшақтың техникалық жасақталуына 100 пайыз сенімді болған жағдайда ғана сапарға шығады. Сондықтан ұшақ кешігіп жатса, онда шыдамдылық танытуға шақырамын. Өйткені бұл жұмыстар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жүргізіледі», - деді министр.