| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                «Қазгидромет» РМК мамандары 20-22 ақпан аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің айтуынша, арктикалық антициклонға байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа-райы жалғасады.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, таулы аймақтарда қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында біртіндеп аяздың күші қайтады.
«Батыста ауа температурасының төмендеуі күтілуде: түнде -10-25, күндіз -5-15 градусқа дейін аяз, елдің солтүстік және орталық аймақтарында түнде -28-38, күндіз -15-23 градус аяз, шығыс аймақтарда түнде -32-45, күндіз -20-32 градус аяз, елдің оңтүстік-шығысында түнде -15-25, күндіз -0-13 градусқа дейін аяз болады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            