Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемде құс тұмауы тарады
Жаңалықтар

Әлемде құс тұмауы тарады

16.02.2023
1 мин
0
1151

Әлемде құс тұмауы өршіп тұр. Соңғы зерттеулер құс тұмауының барлық континентке таралғанын көрсетті. Үй жануарлары жұқтыруы мүмкін жабайы құстардың арасында инфекция бар екені расталды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Reuters агенттігі төрт континенттегі 20-дан астам сарапшы және фермермен сөйлескен, олар вирустың жабайы табиғатта таралуы құс фабрикаларындағы рекордтық көрсеткіштер жақын арада азаймайтынын айтқан. Бұл әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіреді.

Жануарлар арасындағы жағдайлар Америкада, Еуропада, Азияда және Африкада жиілеп кеткен. 15 ақпанда Уругвай мен Аргентина билігі вирустың алғашқы расталған жағдайларына байланысты төтенше жағдай жариялады.

Сарапшылар атап өткендей, вирустың таралуына аяз бен күннің жылуы әсер етпейді.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Маңғыстау облысы Қаракөл көлінің жағасында Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде аққулардың өлімі тіркелді. Аққулардан алынған патологиялық материалдардың сынамалары құс тұмауына оң нәтиже берді.

Фото: aigak.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл