Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет

"Әлеуметтік әмиян" жүйесі: Үкімет басшысы ДСМ-ге қандай тапсырма берді?

12.11.2024
1 мин
0
94
Сурет: https://t.me/KZgovernment/14109

Бүгін кезекті Үкімет отырысында Олжас Бектенов "әлеуметтік әмиян" жүйесін пысықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының сирек кездесетін аурулары бар науқастарды қымбат препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде елімізде республикалық орфандық аурулар орталығы құрылды.

Премьер-министр Олжас Бектенов есепте тұрған азаматтардың дәрілік заттарға қолжетімділігін бақылау қажеттігін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігіне "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, орфандық препараттарды сатып алуды қаржыландыру тізбесі мен көздерін айқындап алу тапсырылды.

- Министрлік мұндай пациенттерді нақты бақылап, аталған дәрілік заттарға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуі керек. Ешкім де көмексіз қалмауы тиіс, - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр "әлеуметтік әмиян" арқылы дәрілік заттарға электрондық ваучерлер алу тетігін іске асыру мәселесіне жеке тоқталды. Электрондық платформа пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдетуге бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігінің алдына жобаны жедел пысықтау бойынша міндет қойылды. Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды.

- Жұртшылық кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін берілетінін нақты білуі тиіс. Мемлекет өз міндеттемелерін орындап отыр, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл