Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда әлимент төлеуден қашып жүрген 1500-ге жуық әке бар, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өткен жылы Алматыда сот орындаушылар алимент өндіріп алу туралы 22 415 атқарушылық іс жүргізілді. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әділет Департаментінің басшысы Балаим Кесебаеваның айтуынша, алимент бойынша борышкерлер балаларын асыраудан бас тартып, нақты қаржылық мүмкіндіктері болса да, табыстары мен мүлкін жасырады.
«Ішкі істер органдарына борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 133 ұсыныс жолданды (ҚР бойынша 1242)», - деді Кесебаева.
Сонымен қатар, борышкерлерге қарыздарына байланысты республикадан шығуға 1328 уақытша тыйым салынды. Департаментте жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру және кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.
«Борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіріп алу мүмкін болмайтын жағдайлар бар. Осыған байланысты, біз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен бірлесіп бос орындар жәрмеңкесін (8 жәрмеңке) өткізу арқылы оларды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдаймыз, нәтижесінде 780 борышкер жұмысқа орналастырылды», - деді Б. Кесебаева.
Алматыда әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша барлығы 23 615 атқарушылық іс жүргізілді, алименттен басқа, бұл жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өндіріп алу түрлері саналады.
2023 жылы Департамент 230 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасады, 68 әкімшілік қамауға алу қолданылды. Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 137 ұсыныс жолданды. Алматы қаласында 24 мемлекеттік және 288 жеке сот орындаушылары жұмыс істейді, олар жыл басынан бері 731 051 атқарушылық іс жүргізді (608 441). Оның едәуір бөлігін, 354 000-нан астам жағдай (354 067) заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алулар құрайды.