Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Аналар саулығы" бағдарламасы әзірленді - ДСМ

21.10.2024
1 мин
0
663
Сурет: ОКҚ

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі. Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің мәліметінше, жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады. Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.

Гравидаралды даярлық – денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені. Елімізде әрбір әйел жас кезінен бастап уақытылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды.

- ДСМ әйелдерге емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өту маңызды қадамдардың бірі екенін ескертті. Бүгінгі таңда елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел. Олар отбасында орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл