Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бүгін күндіз Аршалы кентінің Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің бөлек тұрған ғимаратында жылыту қазандығы жарылған. 90 шаршы метр алаңда құрылыс қондырғылары бұзылды.
«Қазандық жарылғанда, мектептің 3 жұмысшысы зардап шекті. Оның біреуін құтқарушылар алып шыққан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.
Қазір олардың денсаулығын тексеріп жатыр.