Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысының Бурабай ауданында құрылыс жұмыстары кезінде адамның сүйектері табылды.
«Биылғы жылдың 29 наурызында Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Мәдениет ауылында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғандығы туралы хабар түсті. Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында адамның сүйегіне ұқсас 18 сүйек табылды», деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Анықталғандай, сүйек қалдықтары табылған жерде шамамен 35-40 жыл бұрын жеке тұрғын үй болған. Қазір осы учаскеде «Бурабай МҰТП Золотобор орманшылығы» ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр», деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.