Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында 43 жастағы педагог әйел спартакиада кезінде қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Степняк қаласында "Мұғалім-2022" спартакиадасы кезінде болған. Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл сайынғы спартакиада білім ұйымдарының қызметкерлері жарысады.
Олар волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт түрлері бойынша өзара сынға түседі.
Куәгерлердің айтуынша, 28 наурызда волейбол ойнап жүргенде Гүлжан Мұсабаева өзін жайсыз сезініп, еденге отырған. Біршама уақыттан кейін жерге сылқ ете түсті. Есінен танып қалды. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткен. Одан кейін жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға алып кеткен. Бірақ 43 жастағы педагог көз жұмды.
Гүлжан Қабиденқызы Мамай ауылының орта мектебінде оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болған. Директордың сөзіне қарағанда, қайтыс болған әріптесі денсаулығына ешқандай шағым айтпаған. Біржан сал аудандық ауруханада есепте тұрған жоқ. Жыл сайынғы медициналық тексерістен өтіп, жұмыс істеуге рұқсат алған.
Жарыстарға қатысуға да рұқсаты бар. Ол волейбол мен үстел теннисі бойынша команда құрамында болған. Педагогтың артында күйеуі және үш баласы қалды.