Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Ақтаудағы жаңа туристік кешеннің құрылысы талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенді салуға 170 миллиард теңге тартылады деген жоспар бар. Соның нәтижесінде 4000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Ал Маңғыстау облысына келетін туристердің саны 850 мың адамға артуға тиіс.
Үкімет басшысы жобаны іске асыруды жеделдетуді және құрылысы басталған барлық нысанды аяқтау үшін бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауытын салу жобасы қаралды. Осы жобаны іске асыруға, шамамен, 140 миллиард теңге қажет. 700-ден астам тұрақты жұмыс орны болады деген болжам бар.
Зауытта жылына 300 мың тоннаға жуық өнім өндіруге болады. Онымен сырттан келетін соданы алмастыруға мүмкіндік бар.
Отырысқа қатысушылар мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін де қарастырды.