Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтаудағы ұшақ апаты болған аумақты дрон арқылы түсірген блогер Азамат Сәрсенбаев 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соттың шешімінде Сәрсенбаевтың полицияның талабына қарамастан, апат аймағын дрон мен телефонына түсіргені жазылған (ҚР ҚК 667-бабының 1-бөлігі бойынша "полицияның заңды талабына бағынбау").
Сот процесінде блогер өзіне тағылған айыпты мойындамай, аумақты әріптестерінің өтінішімен түсіргенін, полицияның жұмысын бөгемегенін мәлімдеді.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Адвокат шешімге қарсы апелляция беретінін хабарлады.