Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі іске қосылады
Жаңалықтар

Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі іске қосылады

06.10.2025
мин
0
198
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылдың 29 қарашасынан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады.

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады.

- 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді, - дейді әуе компаниясы.

Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.

Айта кетері, Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл