| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Ақтөбе облысында жыл басынан бері алимент төлемей жүрген 253 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Сонымен бірге 203 адам 5 тәулікке дейін қамауға алынды, қалғанына сот 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Әрбір құқық бұзушының 3 айдан бірнеше жылға дейінгі қарызы бар.  
"Әкелердің бірде-біреуі өз еркімен алимент төлеу бойынша ешқандай шара қолданбаған. Бұл жағдай жеке сот орындаушыларының әділет департаментіне оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жіберуіне негіз болды", -деп хабарлады облыстық сот.
Құжат тексерілгеннен кейін әділет департаментінен сотқа жіберіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 -бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қыркүйек айының өзінде 62 борышкерге әкімшілік жаза қолданды.
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            