Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде өз анасының атына несие рәсімдеген қыз анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны оның атына белгісіз адамдар несие рәсімдегені туралы арызданды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында жәбірленушінің қызы 2023 жылдың жазында анасының телефонынан екі банктен 5 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдегенін анықтады.
Жәбірленуші несие туралы банктерден несие бойынша төлемдердің кешіктірілгені туралы хабарламалар келген кезде білген.
Қызы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.