Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Қарағандыда полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елордада полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде 35 жастағы есірткі жасырушыны ұстады. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың сөзінше, жеке тінту барысында күдіктіден 350 орам және синтетикалық есірткі салынған екі үлкен полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде жасыруға дайындалған 1,5 мыңнан астам орам, салмағы бір жарым келі болатын 4 үлкен орам, 5 мыңнан астам zip-пакет, таразы мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар табылған. Ұсталған адамнан барлығы 6 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 4 келіден астамы мефедрон, 2 келі үнді марихуанасы және 8 грамм кокаин болған.
Одан бөлек, Қарағандыда 53 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз пәтерінің балконында 10 келіден астам гашиш сақтаған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасы жіберілмеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.